Ақтауда мәйіті табылған спортшының шұлығынан ұнтақ анықталды

elements.envato.com
elements.envato.com

Ол бұрын бопсалау деректері бойынша сотталған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтауда мәйіті табылған спортшының жанынан шприц пен ұнтақ анықталды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Екі күн бұрын қаладағы үшінші шағынауданда ер адамның мәйіті табылып, оның ММА спортшысы Вусал Джафаров екені анықталған. Қазір аталған жайтқа қатысты тексеру жүріп жатыр.

Айта кетейік, 1994 жылы туған спортшы өз мансабын 2015 жылы бастап, аралас жекпе-жек бойынша 4 кездесу өткізіп, біреуінде жеңіске жеткен.

Ер адамның жеке басы анықталды. Оқиға орнын тексеру барысында шприц және ер адамның мәйітіндегі шұлығынан ұнтақ тәрізді зат табылды. Қаза тапқан адам бұрын тонау және бопсалау деректері бойынша сотталғаны анықталды. Сараптама тағайындалды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде, – деді Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Айгерім Ибатуллаева.

Оқи отырыңыз: СҚО-да зейнеткерді көлік қағып, көз жұмды

Новости партнеров