лматыда 5 аптаның ішінде 113 мыңнан аса адам жіті респираторлық вирустық инфекцияға шалдыққан
Алматыда 5 аптаның ішінде 113 мыңнан аса адам жіті респираторлық вирустық инфекцияға шалдыққан. Бұл былтырғы дәл осы кезеңмен салыстырғанда 9,6 пайызға артық. Дерт дендеген тұста, көпшілік әлеуметтік желілерде вирусқа қарсы препараттардың жетіспейтінін айтып шағымданды. Бұл дерек шындыққа жанаса ма? Осы және өзге сұраққа «Алматы» телеарнасының Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Дәулетбаев Дамир Абайділдәұлы жауап береді.
– Дамир Абайділдәұлы, қалада дәрі қоры жеткілікті ме? Тұмау маусымы кезінде емдік заттардың тапшылығын болдырмау үшін қандай шаралар қабылданып жатыр?
«Алматы қаласы бойынша тұмауға қарсы дәрілердің жеткілікті екенін біздің мамандар бақылап, қадағалап отыр. Осы тұста, Денсаулық сақтау министрлігінің №470 бұйрығы күшіне енді. Оның мақсаты – дәрілерді тұрақты қылып, қолжетімді жасау. Себебі, нарыққа байланысты дәрінің бағасы шарықтап кетпеуі тиіс. Республика бойынша, дәрілердің бағасы төмендеп жаңағы, түсіп жатқанын бақылап отырмыз. Осыған орай, тұмау болса, адам өзіне диагноз қойып, дәріханаға барып, дәрісін алмай, дәрігерге жолығып, нұсқаулығына сәйкес емделуі тиіс».
– Ал дәрі-дәрмек бағасында өзгеріс болуы мүмкін бе? Бұған не дейсіз?
«№ 470 бұйрыққа қосымша №97 бұйрық жарияланды. Оның мақсаты – барлық бағаларды төмендету. Бүгінде дәріханалардың, қоймалардың барлығын Денсулық сақтау министрлігі қадағалап отыр.
Бірақ әлеуметтік желілердеде әртүрлі пікірталас, ой айтылып жатыр. Оның барлығы шешіледі. Негізгі міндет – халыққа қолжетімді, қауіпсіз дәрі жеткізу. Сұрақтарыңыз болса, әлеуметтік желіге сенбей, бізге хабарласыңыздар. Заң шеңберінде барлық мәселелерді шешіп беруге дайынбыз».
Оқи отырыңыз: Балаларға аспирин бермеңіз: ЖРВИ және тұмау белгілері байқалса, не істеу керек