|
20.02.2022 | 15:32
1439

Бүгін Бейжің Олимпиадасының салтанатты жабылу рәсімі өтеді

Бейжің Олимпиадасында жалпы есебі 109 жүлде жиынтығы сарапқа салынды

Бүгін Бейжің Олимпиадасының салтанатты жабылу рәсімі өтеді Фото: ашық дереккөзден

Бүгін Бейжің Олимпиадасының соңғы жарыс күні. Нұр-Сұлтан уақытымен 18:00-де қысқы ойындардың жабылу салтанаты өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Жабылу салтанаты 2008 жылғы жазғы Олимпиада ойындарына арнап салынған «Құс ұясы» стадионында өтеді.

Салтанатты шараның басты кейіпкерлері спортшылар болмақ. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, жылдар бойы өз өміріндегі басты додаға дайындалған атлеттер - жабылу салтанатының бас қаһармандары.

Сонда-ақ, Олимпиаданың салтанатты жабылу рәсімінде Бейжің тарихта қысқы және жазғы ойындарды қабылдаған тұңғыш әрі жалғыз қала екеніне басымдық берілмек.

Қазақстан командасының спортшылары жүлдеге ілінген жоқ. Команда сапындағы ең жоғары нәтижені Абзал Әжіғалиев тіркеді. Ол шорт-тректен 500 метрге жарысуда төртінші орын алды.

Бейжің Олимпиадасында жалпы есебі 109 жүлде жиынтығы сарапқа салынды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир