"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 20 қарашада елдің 12 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта қатты жауын-шашын (көбінесе қар) күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман түседі.
Алматыда түнде және таңертең тұман түседі.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел шығысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 18 м/с жетеді.
Батыс Қазақстан облысының батысында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың оңтүстігінде екпіні 23 м/с жетеді.
Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ болады. Түнде облыстың солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, орталығында, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында, орталығында екпіні 25 м/с жетеді.
Атырау облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде екпіні 23-28 м/с жетеді.
Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с.
Шымкентте түнде тұман түседі.
Маңғыстау облысының орталығында шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында екпіні 23-28 м/с жетеді.
Қызылорда облысында жел шығыстан соғады, түнде облыстың батысында, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с жетеді.