|
09.01.2024 | 23:05
1404

Қазақстанның екі облысында ауа райына байланысты жол жабылды

Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп-ұстауға 395 бірлік техника және 556 жолшы жұмылдырылды

Қазақстанның екі облысында ауа райына байланысты жол жабылды elements.envato.com

Еліміздің 2 облысында республикалық маңызы бар автожолдардың 2 учаскесінде автокөліктің барлық түрі үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап.

Абай облысында - 1 учаске:

1. "Омбы – Майқапшағай" 910-1002 км, Қалбатау а. – Көкпекті а. дейін – 92 км.

(боран, шектеулі көрініс)

Шығыс Қазақстан облысында - 1 учаске:

1. "Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Қатонқарағай – Рахман кілттері" 6 – 166 км, Ушанов а. – Алтай қ. – 160 км.

(қар көшкінінің қаупі)

Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп-ұстауға 395 бірлік техника және 556 жолшы жұмылдырылды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир