|
24.07.2023 | 09:31
3252

42°С ыстық болады: 24 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең солтүстікте тұман түседі

42°С ыстық болады: 24 шілдеге арналған ауа райы болжамы ашық дереккөзден

Синоптиктер 24 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Бүгін еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, найзағай ойнап, жаңбыр, батыста қатты жаңбыр жауады. Тек еліміздің оңтүстігінде, шығысында және орталығында көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы болады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең солтүстікте тұман түседі.

Күндіз Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Қызылорда, Түркістан, Алматы, Қарағанды, Жетісу, Абай облыстарында, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде 35-43°С қатты ыстық болады.

Күндіз Алматы облысының солтүстігінде және орталығында 42°С өтте қатты ыстық болады.

Алматы, Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағаңды, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарында, Қызылорда облысының орталығында, шығысында, Павлодар облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының батысында, Атырау облысының батысында және солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир