Жоғары өрт қаупі сақталады: 19 шілдедегі ауа райы болжамы

osken-onir.kz
osken-onir.kz
Кей облыста қатты жел соғады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 19 шілдеде еліміздің бірнеше өңірінде нөсер жауын мен бұршақ жауып, найзағай ойнайтынын болжады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Астана

Астана қ.: 19 шілдеде кей уақыттарда найзағай күтіледі. Күндіз бұршақ жаууы ықтимал. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с. 19 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Атырау облысы

19 шілдеде түнде Атырау облысының шығысында найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. 19 шілдеде облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Атырау қ.: 19 шілдеде батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

Қарағанды облысы

19 шілдеде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, күндіз кей уақытта 23 м/с күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 37 градус қатты ыстық сақталады. 19 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Қарағанды қ.: 19 шілдеде түнде найзағай күтіледі. 19 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысы

19 шілдеде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, екпіні 15-20 м/с. 

Орал қ.: 19 шілдеде күндіз найзағай күтіледі.

Қостанай облысы

19 шілдеде Костанай облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде дауыл, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. 19 шілдеде облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Қостанай қ: 19 шілдеде таңертең және күндіз найзағай күтіледі.

Маңғыстау облысы

19 шілдеде күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында 15-20 м/с күтіледі. 19 шілдеде облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Ақтау қ.: 19 шілдеде жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысы

19 шілдеде түнде Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, күндіз солтүстік жартысында найзағай. Күндіз солтүстік жартысында бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. 19 шілдеде облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Ақтөбе қ.: 19 шілдеде найзағай күтіледі.

Ұлытау облысы

19 шілдеде күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде, орталығында найзағай, оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. 19 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Жезқазған қ.: 19 шілдеде күндіз найзағай, оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы

19 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр, күндіз облыстың батысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 19 шілдеде облыстың шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Петропавл қ.: 19 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қызылорда облысы

19 шілдеде Қызылорда облысында жел батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 19 шілдеде облыстың орталығында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Қызылорда қ.: 19 шілдеде жел батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. 19 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысы

19 шілдеде күндіз Павлодар облысының батыс жартысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел батысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. 19 шілдеде Павлодар облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Павлодар қ.: 19 шілдеде күндіз найзағай. Оңтүстік-шығыстан соққан жел батысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. 19 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысы

19 шілдеде күндіз Абай облысының солтүстік-батысында, батысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. 19 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Семей қ: 19 шілдеде күндіз 36 градус қатты ыстық күтіледі. 19 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысы

19 шілдеде күндіз Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. 19 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Өскемен қ: 19 шілдеде күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. 19 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Түркістан облысы

19 шілдеде Түркістан облысының тауларында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с. 19-21 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Шымкент қ.: 19 шілдеде батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. 19-21 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Түркістан қ.: 19 шілдеде батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. 19-21 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Ақмола облысы

19 шілдеде күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі. 19 шілдеде облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Кокшетау қ.: 19 шілдеде найзағай күтіледі.

Новости партнеров