45 градус ыстық: 13 шілдедегі ауа райы болжамы

elements.envato.com
elements.envato.com

Кейбір облыстарда найзағай мен жел күтіледі

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Қазгидромет» РМК синоптиктері бүгін Қазақстан аумағында аптап ыстық болатынын болжады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Астана

Астана қ.: 13 шілдеде күндіз найзағай, шаңды дауыл, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 36-38 градус қатты ыстық сақталады. 13 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысы

13 шілдеде күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде найзағай, оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі, облыстың басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық сақталады. 13 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Жезқазған қ.: 13 шілдеде күндіз найзағай, оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15 м/с күтіледі. 13 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазған қ.: 13 шілдеде күндіз 41-43 градус өте қатты ыстық күтіледі. 13 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысы

13 шілдеде күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде найзағай күтіледі, облыстың басым бөлігінде 35-37 градус қатты ыстық сақталады. 13 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Қарағанды қ.: 13 шілдеде күндіз найзағай күтіледі, 35-37 градус қатты ыстық сақталады. 13 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысы

13 шілдеде күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 40-42 градус қатты ыстық сақталады. 

Қызылорда қ.: 13 шілдеде күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 40-42 градус қатты ыстық сақталады. 13-15 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысы

13 шілдеде Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. 13 шілдеде облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қ.: 13 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с. 13 шілдеде жоғарғы өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысы

13 шілдеде түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, күндіз солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. 13 шілдеде облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Орал қ.: 13 шілдеде күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. 13 шілдеде жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысы

13 шілдеде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұршақ, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық сақталады. 13 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады. Кокшетау қ.: 13 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батысқа жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық сақталады. 13 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысы

13 шілдеде күндіз Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. 13 шілдеде облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Ақтөбе қ.: 13 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 16 м/с күтіледі.

Абай облысы

13-14 шілдеде күндіз облыстың басым бөлігінде Абай облысының 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. 13-14 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады. Семей қ: 13-14 шілдеде күндіз 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. 13-14 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Маңғыстау облысы

13 шілдеде күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі. 13 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтау қ.: 13 шілдеде жоғары өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысы

13-14 шілдеде күндіз облыстың басым бөлігінде Шығыс Қазақстан облысының 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. 13-14 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады. Өскемен қ: 13-14 шілдеде күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. 13-14 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Жетісу облысы

13 шілдеде Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде қатты ыстық 35-38 градус. 13-14 шілдеде облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорған қ.: 13 шілдеде күндіз қатты ыстық 36-38 градус күтіледі. 13-14 шілдеде жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысы

13 шілдеде Костанай облысының солтүстік жартысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 38 градусқа дейін қатты ыстық сақталады. Облыстың солтүстік жартысында жоғары өрт қауіпі күтіледі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Қостанай қ: 13 шілдеде түнде және таңертең найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. 13 шілдеде жоғары өрт қаупі күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы

13 шілдеде күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Оңүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде күші 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында 35-38 градус қатты ыстық сақталалы. 13 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады. Петропавл қ.: 13 шілдеде найзағай, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Оңүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с, түнде кей уақытта 25 м/с. 13 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Павлодар облысы

13 шілдеде күндіз Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Түркістан облысы

13 шілдеде, 14-15 шілдеде тәулік бойы Түркістан облысының солтүстігінде, батысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с. 13 шілдеде күндіз облыстың басым бөлігінде, 14 шілдеде батысында, шөлді аудандарында 40-42 градус қатты ыстық сақталады. 13-15 шілдеде облыстың басым бөлігіндн төтенше өрт қауіпі сақталады. Шымкент қ.: 14 шілдеде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. 13 шілдеде күндіз 40-42 градус қатты ыстық сақталады. 13-15 шілдеде төтенше өрт қауіпі күтіледі. Түркістан қ.: 13 шілдеде күндіз, 14 шілдеде тәулік бойы кей уақытта шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, 13 шілдеде күндіз, 14 шілдеде тәулік бойы екпіні 15- 20 м/с. 14 шілдеде күндіз 40-42 градус қатты ыстық сақталады. 13-15 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Алматы облысы

11-13 шілдеде Алматы облысының басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Қонаев қ.: 11-12 шілдеде 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.

 

Новости партнеров