|
10.08.2023 | 03:19
2689

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

Батыста түнде және таңертең тұман түседі

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды pikabu.ru

«Қазгидромет» бүгінге, яғни 10 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оңтүстік циклонмен атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады: еліміздің солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай ойнап, жаңбыр жауып, бұршақ түседі, дауыл соғады.

ҚР батысында, оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша екпінді жел соғады. Батыста түнде және таңертең тұман түседі.

Күндіз Алматы, Атырау, Маңғыстау облыстарында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында 35-42°С қатты ыстық сақталады.

Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында, Павлодар облысының оңтүстік-шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау, Жамбыл, Қызылорда, Жетісу, Абай облыстарында, Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, шөлді аудандарында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, орталығында, Ақтобе облысының орталығында, оңтүстігінде, Атырау, Қостанай, Қарағанды, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир