Шілдеде Қазақстанның кейбір өңірлерінде құрғақшылық болады, деп хабарлады Almaty.tv тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжауынша, республиканың басым аумағында ауа райы ылғалды, алайда кейбір облыстарда құрғақшылық болады.
«Ақмола облысының Жарқайың ауданында, Қостанай облысының Жангелді ауданында, Ақтөбе облысының Әйтеке би, Ырғыз аудандарында құрғақшылық болады. Сондай-ақ Қарағанды облысының Шет және Ақтоғай аудандарында, Түркістан облысының Қазығұрт, Шардара және Отырар аудандарында да құрғақшылық болады», - дейді мамандар.
Синоптиктердің айтуынша, әсіресе Қызылорда мен Қостанай өңірі ыстық күннің зардабын көбірек тартады.
«Қызылорда облысының Қармақшы ауданында және Қостанай облысының Амангелді ауданында қатты құрғақшылық болуы мүмкін», - дейді ведомство.
Ал Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданында, Петропавл қаласында және Батыс Қазақстан облысының Қазталов ауданында ауа райы ылғалды болады.