|
10.11.2023 | 04:49
10789

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы болады

Алматыда түнде және таңертен тұман күтіледі

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы болады elements.envato.com

Синоптиктер 10 қарашада бірнеше өңірде нөсер жаңбыр жауып, көктайғақ болатынын болжады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі.

Алматыда түнде және таңертен тұман түседі.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с жетеді.

Маңғыстау облысының солтүстігінде шаңды дауыл болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың оңтүстігінде, батысында, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с жетеді.

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан батысқа ауысып жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Астанада 10 қарашада кей уақыттарда тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с жетеді.

Ақтөбе облысының шығысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, шығысында, күндіз облыстың оңтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-шығыстан батысқа ауысып соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі.

Шымкентте тұман болады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир