|
12.10.2021 | 08:02
8976

Еліміздің бірқатар өңірлерінде қар жауып, көктайғақ болады

Еліміздің оңтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында жел күшейіп, оңтүстік-батысында шаңды дауыл тұрады

Еліміздің бірқатар өңірлерінде қар жауып, көктайғақ болады turkystan.kz

Қазгидромет 12 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның батысында жауын-шашын болмайды, ал шығыстың бір бөлігінде жаңбыр жауады, қалған бөлігінде қатты жауын-шашын, қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін.

Еліміздің оңтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында жел күшейіп, оңтүстік-батысында шаңды дауыл болады.

Солтүстігінде, шығысында, оңтүстік жартысында және орталығында тұман, солтүстігінде көктайғақ, жаяу бұрқасын болады.

Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20 м/с дейін күшейеді, облыстың солтүстігінде, батысында көктайғақ, жаяу бұрқасын болады.

Ақмола облысының оңтүстік-шығысында түнде және таңертең тұман, көктайғақ болып, солтүстігінде таңертең және күндіз жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, орталығында, Қарағанды облысының солтүстігінде және батысында тұман түседі. Облыстардың шығысында және оңтүстік-шығысында жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Қызылорда облысының орталығында, Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында, Атырау облысының оңтүстік-батысында күндіз шаңды дауыл болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.

Жамбыл облысының шығысында және таулы аудандарында тұман түседі, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Алматы облысының солтүстігінде тұман болып, шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан облысының таулы аудандарында күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.

Қостанай облысының солтүстік-шығысында түнде тұман түсіп, Павлодар облысының оңтүстігінде түнде, солтүстігінде күндіз көктайғақ болады.

Дереккөзі: sputnik.kz

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир