|
02.02.2022 | 08:07
889

Еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады

Ал батыс және солтүстік-батыс өңірлерге атмосфералық ауа ағындары әсер етеді

Еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады dnepr.info

"Қазгидромет" 2 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бүгін ел аумағының басым бөлігінде күн ашық болады. Ал батыс және солтүстік-батыс өңірлерге атмосфералық ауа ағындары әсер етеді, жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, желдің күшеюі, солтүстік-батыста жаяу бұрқасын күтіледі. 

Ақмола облысының солтүстігінде тұман, солтүстік-батысында 15-20 м/с жел күшейеді. 

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман, түнде солтүстік-шығыста, шығыста көктайғақ болуы ықтимал. 

Маңғыстау облысының батысында көктайғақ, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. 

Қостанай облысының оңтүстігінде тұман болады, солтүстігінде, батысында жел 15-20 м/с күшейеді, таңертең және күндіз жаяу бұрқасын болады. 

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман, Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 17-22 м/с. 

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында, Атырау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, Павлодар облысының солтүстіктігінде және оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Қызылорда облысының орталығында, түнде Қарағанды облысының солтүстігінде тұман түседі.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

ауа райы
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир