Қар аралас жаңбыр жауып, аяз болады: 29 қарашаға арналған ауа райы болжамы

adyrna.kz
adyrna.kz
Ауқымды антициклон ықпалының әсерінен республиканың басым бөлігінде күн ашық болады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Қазгидромет» 29 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ауқымды антициклон ықпалының әсерінен әлі де республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек республиканың қиыр батысында циклон жырасының әсерінен жаңбыр мен қар түріндегі аздаған жауын-шашын мен көктайғақпен болады.

Сонымен қатар республика бойынша тұман түсіп, екпінді жел соғады деп болжанып отыр.

Жамбыл облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман күтіледі, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында желдің екпіні түнде 23-28 м/с-ке дейін күшейеді.

Алматы облысының Алакөл көлі ауданында желдің екпіні 28 м/с болады.

Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында желдің күші 15-20 м/с-ке дейін жетеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде көктайғақ, солтүстігінде тұман болады.

Түркістан облысының оңтүстігінде, Маңғыстау, Қостанай облыстарының солтүстігінде, Атырау облысының батысы мен орталығында тұман түседі.

Новости партнеров