Елімізде антициклон әсерінен бүкіл аймақтарда күн ашық болады. Тек оңтүстігі мен батысында шаңды дауыл тұрады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қазгидромет мәліметінше, Жамбыл облысында таулы және тау бөктерінде тұман түседі. Өңірдің оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарда жел екпіні секундына 23-28 метрге дейін күшейеді.
Алматы облысының Алакөл ауданында секундына 18-23 метрге жылдамдықпен жел соғады.
Еліміздің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында тұман түсуі ықтимал.
Қызылорда облысының шығысында, Маңғыстау облысының солтүстік – батысында, солтүстік-шығысында және Атырау облысының оңтүстігінде шаңды дауыл тұруы мүмкін. Жел екпіні 15-20 метрге дейін күшейеді.
Түркістан облысының таулы аймақтарында, күндіз Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданы мен ШҚО-ның оңтүстік-батысында жел күшейіп, екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
СҚО-ның солтүстігінде, батысында, солтүстік-шығысында, Қостанай облысының солтүстігінде, түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, түнде Павлодар облысының оңтүстігінде тұман түсуі ықтимал.