«Қазгидромет» 1 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қазақстанның басым бөлігіне Сібір циклоны әсер етеді, сондықтан ауа райы тұрақсыз болады.
Республиканың батысы мен солтүстік-батысында ғана Солтүстік антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Ел бойынша жел күшейеді.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай жарқылдап, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Желдің екпіні 15-20 м/с жетеді, күндіз - 23 м/с.
Күндіз Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында күн күркіреп, бұршақ жауады. Таңертең және күндіз өңірдің солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.
Павлодар облысының солтүстік-шығысында - найзағай, бұршақ, дауыл болады. Күндіз жел қарқыны - 15-20 м/с, күндіз облыстың шығысында 23 м/с жетеді.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында найзағай жарқылдайды, бұршақ жауып, дауыл тұрады. Облыстың шығысында, оңтүстігінде желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында - найзағай, бұршақ, дауыл, күндіз басым бөлігінде желдің күші - 15-20 м/с, күндіз екпіні - 25 м/с.
Алматы облысының солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында найзағай ойнап, облыстың шығысында жел - 17-22, екпіні 27 м/с дейін күшейеді.
Қостанай облысының шығысында түнде күн күркірейді. Күндіз жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Күндіз Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстігінде жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшлейіп, шаңды дауыл соғады.
Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды, жел екпіні - 15-20 м/с.
Күндіз Түркістан облысының тауларында - найзағай, дауыл. Күн күркіреген кезде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.