Павлодар облысы Қаражар ауылының тұрғындары әлеуметтік желіде қар басқан көшелер мен ауланың суреттері мен видеоларын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
5 қазанда Баянауыл облысында бірнеше ауылдық округте қар жауды. Әсіресе Қаражар ауылын 20-50 сантиметрге жететін қар басып қалды. Күндізден бастап тоқтамай жауған қар таңға дейін жалғасқан. Ауыл тұрғындары қазан айының басында жауған қардың мөлшеріне таң қалғандарын жасырмады.
«Алдымен қар аралас жаңбыр жауды, содан кейін түні бойы боран болды. Қардың қалын жауғанынан жабылып қалған есіктерді, таңертең қазып ашуға тура келді. Қазан айында қардың осынша қалың жауған уақыты соңғы рет қашан болғаны есімізде жоқ», – дейді жергілікті тұрғындар.
Адамдар бәрінен бұрын ауа райының қолайсыздығынан жайылымда қалған малға алаңдады.
Синоптиктердің мәліметінше, қазанның 5-нен 6-сына қараған түні Баянауыл облысына ғана емес, Екібастұзға да қар жауған.
Ал 7 қазаннан бастап Павлодар облысында күн жылынады деген болжам бар. Алдағы күндері күндіз 10-12 градусқа дейін жылынады, ал түнде 0-ден 2 градусқа дейін болады деп болжанып отыр.