|
10.03.2021 | 10:56
1218

Ауа райының қолайсыз жағдайына байланысты елорда әуежайында 16 рейс кейінге шегерілді

Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз хатшысы Анвар Шалекенов мәлімдеді

Ауа райының қолайсыз жағдайына байланысты елорда әуежайында 16 рейс кейінге шегерілді  Фото: ашық дереккөзден

Ауа райының қолайсыз жағдайына байланысты елорда әуежайында 16 рейс тоқтатылды. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз хатшысы Анвар Шалекенов мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Елордада ауа райының бұзылуы жол-көлік оқиғалары мен рейстердің тоқтатылуына себеп болды. 

«Күн райының бұзылуына байланысты Нұр-Сұлтан қаласына ұшып келетін, одан ұшып шығатын бірнеше рейс тоқтатылды. Жолаушылар толық ақпаратты әуежайдың анықтама бөлімінен немесе әуе компанияларының колл-орталығынан біле алады», –  деп түсіндіріп өтті Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз хатшысы Анвар Шалекенов. 

Елордалық әуежайдың баспасөз хатшысы ұшып шығуы тиіс 6 рейс пен қонуы тиіс 10 рейстің кейінге шегерілгенін нақтылады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир