Су тасқынын алдын алу: Қар ірі қалаларда шығарылып, ауылдар назардан тыс қалуда

aqmeshit-aptalygy.kz
aqmeshit-aptalygy.kz
Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин су тасқынының алдын алу үшін қандай шаралар жүргізілгенін баяндады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Өткен жылдардағы тәжірибе көрсеткендей, елдімекендерді су басу қаупінің алдын алуда қардың уақытылы шығарылуы маңызды. Жергілікті бюджеттерден қар шығаруға бөлінген қаражатты талдау олардың негізінен ірі қалалар мен облыс орталықтарынан қар шығаруға бөлінетінін, ал көптеген ауылдық елдімекендер тиісті назардан тыс қалатынын көрсетеді»,  деді министр Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Жарылыс жұмыстары арқылы өзендердегі мұздың ыдырауы да маңызды рөл атқарады. Бүгінгі таңда өңірлерде әкімдік жарылыс жұмыстарын жүргізуге 35 шарт жасады.

«Біз бұл мәселені Роман Васильевичтің (Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – ред.) жиналысында талқыладық. Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері қоймада жарылғыш материалдарды сақтау орны мен көлемін анықтау жұмысын жүргізді. Олардың саны 150-ден асады, онда 130 мың тоннадан астам жарылғыш заттар сақталады», – деді Ю. Ильин.

Айта кетейік, биыл су тасқыны қардың көп болуына және топырақ қабатының қатты тоңазуына байланысты ауқымды болатын түрі бар. Су басу аймағында 255 елдімекен болуы мүмкін, бұл 127 мыңнан астам үй және 700 мыңнан астам азамат.

Оқи отырыңыз: Елімізде 14 облыста су басу қаупі жоғары

Новости партнеров