|
25.01.2024 | 01:07
4450

Көктайғақ, жел мен жаңбыр: 25 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Кей өңірлерде қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты ескерту сақталады

Көктайғақ, жел мен жаңбыр: 25 қаңтарға арналған ауа райы болжамы elements.envato.com

Абай облысы

25 қаңтарда Абай облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын болады. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с.

Қызылорда облысы

25 қаңтарда Қызылорда облысында қар жауады. Облыстың орталығында, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ, тұман болады. Қызылорда қ.: 25 қаңтарда көктайғақ болады.

Ұлытау облысы

25 қаңтарда Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қостанай облысы

25 қаңтарда Қостанай облысында қар жауады, облыстың оңтүстігінде, шығысында бұрқасын, тұман болады.

Солтүстік Қазақстан облысы

25 қаңтарда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Түнде облыстың оңтүстігінде, батысында, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-батысында тұман түседі.

Қарағанды облысы

25 қаңтарда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Түркістан облысы

25 қаңтарда таңертең және күндіз Түркістан облысының орталығында, таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Облыстың орталығында, оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с. Шымкент қ.: 25 қаңтарда күннің соңында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Кей уақытта тұман. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Түркістан қ.: 25 қаңтарда таңертең және күндіз көктайғақ болады. Кей уақытта тұман. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысы

24 қаңтардың сағат 21.00-ден 25 қаңтардың сағат 21.00-ге дейін Өскемен, Риддер қалалары бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады.

24-26 қаңтарда Жетісу облысы бойынша оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.


Жамбыл облысы

23-25 қаңтарда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. 23-25 қаңтарда оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, 23, 25 қаңтарда екпіні 23 м/с жетеді. Тараз қ.: 23-25 қаңтарда түнде және таңертең тұман түседі.

Оқи отырыңыз: Алматы қаласы бойынша 29 қаңтар мен 4 ақпан аралығындағы ауа райы болжамы
Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир