Ауа райының қолайсыздығына байланысты 2 ақпанда Қазақстанның 3 облысында республикалық автожол жабылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Тасжолдың 4 учаскесінде көлік қозғалысы тежеліп, жауаптылар қар мен боран салдарынан жабылған аумақтарды тазалап жатыр. 800-ден астам техника тартылып, мыңнан астам жұмысшы жұмылдырыпты. Қауіпсіздік мақсатында шектеу қойылған аймақтарға полицейлер де шақырылған. Құзырлы органдағылар азаматтарға алыс сапарлар жоспарламауға кеңес берді.
- Ауа райының қолайсыздығына байланысты Түркістан облысы полиция департаменті патрульдік полиция батальонының қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет атқаруды жалғастыруда. Жолда қалып қойған жүргізушілер мен жолаушыларға, оның ішінде шетелдік жүргізушіге көмек көрсетті, - дейді Полиция департаменті патрульдік полиция батальонының инспекторы Қанат Шайдазім.
Оқи отырыңыз: Қызылорда облысында қар құрсауында қалған жолаушылар құтқарылды