|
17.11.2021 | 20:57
923

Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, аяз болады

Республика бойынша елдің біраз аймағын тұман басып, көктайғақ болады

Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, аяз болады

Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталып, жауын-шашын жауады. «Казгидромет» өкілдері бұған антлантикалық циклон және атмосфералық фронттардың өтуі себеп екенін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.   

Республика бойынша елдің біраз аймағын тұман басып, көктайғақ болады, ал елдің солтүстігінде боран борайды. 20 қарашада суық солтүстік-батыс антициклонның әсерінен республиканың басым бөлігінде жауын-шашын басылады деген болжам жасалды.  

«Ауа температурасының ауытқуы Қазақстанның батысында түнде 0-5-тен 5-10 градусқа дейін аяз, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта 5-15-тен 15-25 градусқа дейін аяз, оңтүстік өңірлерде 5-13-тен 8-16 гадусқа дейін аяз, шығыста 2-10-нан 15-25 градусқа дейін аяз болады. Ал 18 қарашада Алматыда тұман түсіп, көктайғақ болады», – деді «Қазгидромет» РМК қысқа мерзімді болжамдар басқармасының басшысы Ардақ Қалменова.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир