|
30.11.2022 | 21:06
5007

12 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды

1 желтоқсандағы ауа райы

12 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды Almaty.tv

Қазгидромет 1 желтоқсанда бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ақмола облысының оңтүстік жартысында жаяу бұрқасын күтіледі.

Алматы облысының таулы аудандарында қатты қар күтіледі. Облыстың басым бөлігінде көктайғақ, орталығы мен таулы, тау бөктеріндегі аудандарында тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Алматы қаласында кей уақытта тұман, көктайғақ болады.

Ұлытау облысының басым бөлігінде қар, жаяу бұрқасын соғады.

Қарағанды облысының басым бөлігінде қар, жаяу бұрқасын күтіледі.

Астана қаласында жаяу соғады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Түркістан облысының таулы аудандарында қатты қар жауады. Облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, тау асуларында екпіні 15-20 м/с. қ.

Шымкентте тұман, көктайғақ күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын болады.

Абай облысының батысында, оңтүстігінде, орталағында жаяу бұрқасын болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Жетісу облысының таулы аудандарында қалың қар жауады. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі.

Павлодар облысының оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғып, күші 15-20 м/с жетеді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир