Тұман, жел, бұрқасын: 15 наурызға арналған ауа райы болжамы

elements.envato.com
elements.envato.com
Еліміздің батысында, оңтүстік-батысында антициклон жотасы әсерінен жауын-шашын болмайды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Қазгидромет» РМК ел аумағында 15 наурызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, соның әсерінен қар түріндегі жауын-шашын, Алматы, Жетісу облыстарының таулы ауданында түнде қатты жауын-шашын болады.

«Тек еліміздің батысында, оңтүстік-батысында антициклон жотасы әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын, оңтүстігінде, орталығында көктайғақ болып, батысында шаңды дауыл соғады», — делінген ақпаратта.

Оқи отырыңыз: Алматыда 18-24 наурыз аралығында ауа райы қандай болады

Новости партнеров