|
22.02.2024 | 04:36
18582

Аяздың беті қайтар емес: 22 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Республиканың басым бөлігіне солтүстік антициклон ықпал етеді

Аяздың беті қайтар емес: 22 ақпанға арналған ауа райы болжамы elements.envato.com

Астана

21-22 ақпанда түнде Қарағанды облысының шығысында 40 градус өте қатты аяз болады. 22 ақпанда түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында 45 градус өте қатты аяз сақталады.

Қарағанды облысы

22 ақпанда күндіз Қарағанды облысында батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын болады.

Шығыс Қазақстан облысы

22 ақпанда түнде Шығыс Қазақстан облысында 40 градус қатты аяз сақталады. Өскемен қ.: 22 ақпанда түнде 40 градус қатты аяз сақталады. 

Абай облысы

22 ақпанда түнде Абай облысында 40 градус қатты аяз сақталады.

Ұлытау облысы

22 ақпанда Ұлытау облысының солтүстігінде, шығыстан жаяу бұрқасын болады. Жезқазған қ.: 22 ақпанда жаяу бұрқасын болады.

Маңғыстау облысы

22 ақпанда Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында көктайғақ, тұман күтіледі. Ақтау қ.: 22 ақпанда түнде көктайғақ болады.

Түркістан облысы

22 ақпанда Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с жетеді. Шымкент қ.: 22 ақпанда түнде және таңертең тұман түседі. Күннің екінші жартысында көктайғақ болады. Түркістан қ.: 22 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі. Таңертең және күндіз көктайғақ болады.

Жетісу облысы

22 ақпанда түнде Жетісу облысының таулы аудандарында қатты аяз 27 градус болады. Шығыстан жел соғады, Алаколь көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысы

22 ақпанда Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі. Қызылорда қ.: 22 ақпанда кей уақытта тұман түседі.

Алматы облысы

Қапшағай ГЭС-нен 164 км жоғары – Іле өзені гидрологиялық бекетінде бекеттен төмен мұз кептелісінің салдарынан су деңгейінің күрт көтерілуі байқалуда. Су деңгейі 20.02.2024 ж. сағат 08.00-ге 326 см, сағат 20.00-ге 448 см, 21.02.2024 ж. сағат 08.00-ге 462 см-ді құрады. Су деңгейі одан әрі көтерілуі мүмкін. Шеткі (критикалық) су деңгейі қысқы мерзімге 500 см.

Ескертпе: Су деңгейі шекті деңгейден асқан кезде өзен ағысының жоғары және төмен бөлігінде сондай-ақ өзеннің жайылмалы учаскелерінде орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстары мен жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қауіпі сақталады.

Жамбыл облысы

22-24 ақпанда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. 22-23 ақпанда күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. 23-24 ақпанда облыстың таулы аудандарында жаяу бұрқасын болады. 22-24 ақпанда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с жетеді. Тараз қ.: 22-24 ақпанда кей уақыттарда тұман түседі. 23 ақпанда күндіз кей уақыттарда көктайғақ болады.

Оқи отырыңыз: Қазақстан аумағы бойынша синоптиктердің маусымдық ауа райы болжамы жарияланды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир