Алматыда екпінді жел тұрып, қатты жаңбыр жауып, халықты әбігерге салды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қала әкімдігінің мәліметінше, екпінді жел мен қатты жаңбырдың салдарынан 7 хабарлама келіп түскен.
21 мамырда сағат 20:00-ден бастап Алматы қаласында жаңбыр жауа бастады, жауын-шашын 23 мамыр күні таңертеңге дейін жалғасады.
Алматы қаласының тұрғын үй саясаты басқармасы мәліметінше, күндізгі уақытта арық желісі арқылы судың кедергісіз өтуін ұйымдастыру үшін 274 бірлік арнайы техника, 24 мотопомпа және 674 жол жұмысшысы жұмылдырылған.
Сағат 21:00-дегі жағдай бойынша 5 су тасқыны тіркелді, олармен коммуналдық қызметкерлер жұмыс істеп жатыр.
Түнгі уақытта 54 бірлік техника, 27 мотопомпа, 115 жол жұмысшысы шығарылды. Су тасқынының алдын алу үшін 2400 құм салынған қап дайындалған.
Аудан әкімдіктерінде жұмысты бақылау үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.
«Қазгидромет» РМК болжамы бойынша 23 мамыр жаңбыр жаумайды. Ауа температурасы түнде 23 мамырда + 10 ... +12 градус.