25 қазанға арналған ауа райы болжамы

Victor Glutsenko
Victor Glutsenko

Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

25 қазанда еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы cақталады. Көп өңірде жауын-шашын (жаңбыр, қар), солтүстік-батыста және солтүстікте көктайғақ болады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазгидромет синоптиктерінің мәліметінше, тек еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында антициклон әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.

Түнде Жетісу облысының орталығында, Жамбыл облысының таулы аймақтарында үш градусқа дейін, Алматы облысының солтүстігінде 1 градусқа дейін үсік жүреді.

Новости партнеров