Циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен 6 желтоқсанда еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады, қар аралас жаңбыр жауады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, тек республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Еліміз бойынша тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде желдің екпіні 30 м/с және одан да жоғары болады.
Абай облысының солтүстігінде, батысында және орталығында күшті жел тұрады, екпіні – 30 м/с.