Еліміздің кей аумағында 40 градусқа дейін ыстық болады
Синоптиктер 7 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
"Циклонға байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер республика аумағының басым бөлігіне өз ықпалын тигізетіндіктен, ауа райы тұрақсыз болып, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, ҚР солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жауады, солтүстігінде, шығысында, орталығында бұршақ жаууы мүмкін. Елдің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында антициклон сілемінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республика бойынша жел күшейіп, солтүстігінде, шығысында дауыл, солтүстік-батысында түнгі және таңертеңгі уақытта тұман болуы мүмкін", - делінген хабарламада.
Күндіз Алматы облысында 35 градус, Қызылорда облысында 40 градус, Ұлытау облысында 35-37 градус, Жетісу облысының шығысында, солтүстігінде 35-37 градус қатты ыстық болады.
Астанада құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауып, күн күркірейді, жел түнде 2–7, күндіз 9–14, екпіні 15–20 м/с болуы мүмкін, түнде ауа температурасы +15...+17°C, күндіз +25...+27°C болады.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 3–8 м/с, ауа температурасы түнде +22...+24°C, күндіз +31...+33°C болады.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 8–13 м/с, ауа температурасы түнде +19...+21°C, күндіз +35...+37°C болады.
Ақтауда құбылмалы бұлтты, өткінші жаңбыр, найзағай, жел 9–14 м/с, түнде екпіні 15–18 м/с, ауа температурасы түнде +21...+23°C, күндіз +27...+29°C болады.
Ақтөбеде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 5–10 м/с, түнде ауа температурасы +13...+15°C, күндіз +27...+29°C болады.
Атырауда ала бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 5–10 м/с, түнде ауа температурасы +20...+22°C, күндіз +32...+34°C болады.
Жезқазғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 4–9 м/с, түнде ауа температурасы +15...+17°C, күндіз +30...+32°C болады.
Қарағандыда құбылмалы бұлтты, өткінші жаңбыр, найзағай, жел 9–14 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с, түнде ауа температурасы +14...+16°C, күндіз +25...+27°C болады.
Көкшетауда құбылмалы бұлтты, жаңбыр, найзағай, түнде 9–14 м/с жел, күндіз екпіні 15–18 м/с, ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +20...+22°C болады.
Қонаевта құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9–14, күндіз екпіні 15–20 м/с, ауа температурасы түнде +22...+24°C, күндіз +32...+34°C болады.
Қостанайда құбылмалы бұлтты, жаңбыр, найзағай, бұршақ, түнде жел 7-12 м/с, күндіз 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с, ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +28...+30°C болады.
Қызылордада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9–14 м/с, ауа температурасы түнде +20...+22°C, күндіз +35...+37°C болады.
Павлодарда бұлтты, жаңбыр, найзағай, жел 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с, күндіз ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +23...+25°C болады.
Петропавлда бұлтты, жаңбыр, найзағай, жел 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с, ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +26...+28°C болады.
Семейде құбылмалы бұлтты, жаңбыр, найзағай, бұршақ, жел 7–12 м/с, екпіні 15–20 м/с, ауа температурасы түнде +13...+15°C, күндіз +24...+26°C болады.
Талдықорғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 5–10 м/с, ауа температурасы түнде +11...+13°C, күндіз +31...+33°C болады.
Таразда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9–14 м/с, ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +34...+36°C болады.
Түркістанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 8–13 м/с, ауа температурасы түнде +20...+22°C, күндіз +35...+37°C болады.
Оралда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 7–12 м/с, ауа температурасы түнде +14...+16°C, күндіз +26...+28°C болады.
Өскеменде құбылмалы бұлтты, жаңбыр, найзағай, бұршақ, жел 7–12 м/с, екпіні 15–20 м/с, ауа температурасы түнде +13...+15°C, күндіз +23...+25°C болады.
Оқи отырыңыз: Елімізде 46 градусқа дейін аптап ыстық болады