Республика бойынша жел күшейеді
Синоптиктер 16 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстанның барлық аумағында өз ықпалын сақтайды, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр жауады, жекелеген аудандарда бұршақ жаууы мүмкін», - делінген хабарламада.
Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстігінде шаңды дауыл, солтүстігінде түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болады.
Алматы облысында, Жетісу облысында, Атырау, Қарағанды облыстарның батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстік-батысында, Қызылорда облысының орталығында, Жамбыл облысының оңтүстігінде, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының оңтүстік-батысында, Абай облысының солтүстік-батысында, Ұлытау облысының шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі болады.
Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында, Батыс Қазақстан облысының батысында, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, Жамбыл облысының солтүстігінде, батысында, шығысында, Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында, Қостанай, Ақтөбе, Қарағанды, Ұлытау, Абай облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі болады.
Астанада күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін, жел жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15–18 м/с. Ауа температурасы түнде +11...+13°C, күндіз +19...+21°C болады.
Алматыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +30...+32°C болады.
Шымкентте көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +17...+19°C, күндіз +30...+32°C болады.
Оқи отырыңыз: 16 тамызға арналған валюта бағамы