Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болып, боран соғады
Синоптиктер 21 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронтальды жүйелер Қазақстан аумағының басым бөлігінде өз ықпалын сақтайды, бұрқасын болып, қар жауады, елдің шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында таулы аймақтарда қатты қар, елдің оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында күндізгі уақытта жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын жауады», - делінген хабарламада.
Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болып, боран соғады.
Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -25-тен -27°C-қа дейін, күндіз -22-ден -24°C-қа дейін болады.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, қар жауады, жел 2-7 м/с күшейеді. Ауа температурасы түнде -2-ден -4°С-қа дейін, күндіз 0-ден +2°С-қа дейін болады.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, қар жауады, жел 5-10 м/с күшейеді. Ауа температурасы түнде -4 градустан -6 градусқа дейін, күндіз 0-ден -2 градусқа дейін болады.
Ақтауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 0-ден +2°С-қа дейін, күндіз +2-ден +4°С-қа дейін болады.
Ақтөбеде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -21-ден -23°C-қа дейін, күндіз -13-тен -15°C-қа дейін болады.
Атырауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 1-6 м/с. Ауа температурасы түнде -5-тен -7°C-қа дейін, күндіз 0-ден -2°C-қа дейін болады.
Жезқазғанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 6-11 м/с. Түнде және күндіз ауа температурасы -15-тен -17°C-қа дейін болады.
Қарағандыда көшпелі бұлт шығады, қар жауады, жел 9-14 м/с күшейеді. Түнде және күндіз ауа температурасы -15-тен -17°C-қа дейін болады.
Көкшетауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -30-32°С, күндіз -19-21°С болады.
Қонаевта көшпелі бұлтты, көктайғақ, жел жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -2 градустан -4 градусқа дейін, күндіз -1 градустан +1 градусқа дейін болады.
Қостанайда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -28-ден -30°C-қа дейін, күндіз -18-ден -20°C-қа дейін болады.
Қызылордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 4-9 м/с. Ауа температурасы түнде -5 градустан -7 градусқа дейін, күндіз -3 градустан -5 градусқа дейін болады.
Павлодарда көшпелі бұлт шығады, қар жауады, жел жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндізгі және түнде ауа температурасы -22-ден -24°C-қа дейін ауытқиды және одан әрі төмендейді.
Петропавлда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 9-14 м/с. Түнде ауа температурасы -34 градустан -36°С-қа дейін, күндіз -21°С-тан -23°С-қа дейін болады.
Семейде көшпелі бұлт шығады, қар жауады, жел 7-9 м/с күшейеді. Күндіз және түнде ауа температурасы -7-ден -9°C-қа дейін болады. Талдықорғанда күн бұлтты болып, қар жауып, желдің жылдамдығы 5-10 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -4 градустан -6 градусқа дейін, күндіз -1 градустан -3 градусқа дейін жылы болады.
Таразда көшпелі бұлт шығады, бұрқасын, жел жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 0-2°С, күндіз 0-ден +2°С-қа дейін жылы болады.
Түркістанда бұлтты болып, қар жауып, жел жылдамдығы 5-10 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -6 градустан -8 градусқа дейін, күндіз -1 градустан -3 градусқа дейін жылы болады.
Оралда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде -5 градустан -7 градусқа дейін, күндіз -1 градустан -3 градусқа дейін жылы болады.
Өскеменде күн бұлтты болып, қар жауып, жел жылдамдығы 7-12 м/с жетеді. Түнде және күндіз ауа температурасы -7-ден -9°C-қа дейін болады.
Оқи отырыңыз: Алматыда 22-28 желтоқсан аралығында ауа райы қандай болады