Республика бойынша жел күшейіп, солтүстік-батысында, солтүстігінде тұман түседі
Синоптиктер 17 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстанның барлық аумағында өз ықпалын сақтайды, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, елдің солтүстігінде, елдің орталығында қатты жаңбыр жауады, жекелеген аудандарда бұршақ жаууы мүмкін», - делінген хабарламада.
Алматы, Жетісу облыстарында, Атырау облысының батысында, Батыс Қазақстан облысыныңның оңтүстік-батысында, Қызылорда облысының орталығында, Жамбыл облысының оңтүстігінде, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының оңтүстік-батысында, Абай облысының солтүстік-батысында, Ұлытау облысының шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі болады.
Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында, Батыс Қазақстан облысының батысында, Алматы облысының батысында,солтүстігінде, шығысында, Жамбыл облысының солтүстгінде, батысында, шығысында, Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында, Қостанай ,Ақтөбе, Қарағанды,Ұлытау, Абай облыстарының оңтүстігінде, төтенше өрт қаупі болады.
Астанада құбылмалы бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел түнде 2-7 м/с, күндіз 7-12, екпіні 15-18 м/с. Ауа температурасы түнде +12+14°C, күндіз +20+22°C.
Алматыда құбылмалы бұлтты, түнде қысқа мерзімді жаңбыр жауады. Батыстан соғатын желдің күші 3-8, кейде екпіні 13 м/с. Ауа температурасы түнде +18+20°C, күндіз +28+30°C.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +17+19°C, күндіз +28+30°C.
Оқи отырыңыз: Алматыда 18-24 тамыз аралығында ауа райы қандай болады