Дауылды ескерту жариялаған кезде, әсіресе қараңғы уақытта алыс жерлерге сапарға шығудан бас тартып, жаяу жүруден аулақ болыңыздар
Ауа райының нашарлауына байланысты Қостанай және Павлодар облыстарында облыстық маңызы бар 2 автожол, Ақтөбе, Қызылорда және Павлодар облыстарында республикалық маңызы бар автожолдардың 3 учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабық, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Ақтөбе облысы:
«РФ шекарасы-Актөбе-Қызылорда-Алматы- ҚХР шекарасы»;
Қызылорда облысы:
РФ шекарасы-Мәртөк-Ақтөбе-Қарабұтақ-Қызылорда-Шымкент-Тараз-Қордай-Алматы-Хоргос-ҚХР шекарасы»;
Павлодар облысы:
«Павлодар-Шарбақты-РФ шекарасы».
Сондай-ақ хабарламада ТЖМ қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес берді.
«Дауылды ескерту жариялаған кезде, әсіресе қараңғы уақытта алыс жерлерге сапарға шығудан бас тартып, жаяу жүруден аулақ болыңыздар. Ауа райы жағдайы мен автожолдардағы көлік қозғалысының шектеулері туралы ақпаратты бақылаңыздар», - делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Алматыда 1-7 желтоқсан аралығында ауа райы қандай болады