Жер комиссиясының бірінші отырысы өтті

Фото: ашық дереккөзден алынды
Фото: ашық дереккөзден алынды
Бірқатар сұрақтар бойынша нақты шешімдер жобасы әзірленді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жер реформасы комиссиясының бірінші отырысында комиссия мүшелері тарапынан 55 ұсыныс айтылған. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жер реформасы комиссиясының екінші отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Жер реформасы жөніндегі комиссия отырысында комиссия мүшелері тарапынан 55 ұсыныс айтылды. Оның ішінде 15-і - құқықтық сипатта, 29-ы - экономикалық сипатта, 11-і ұйымдастыруға қатысты сұрақтар болды. Барлық ұсыныс жұмыс тобында комиссия мүшелерінің, жауапты мемлекеттік органдардың, сала мамандарының қатысуымен жан-жақты қаралды. Бірқатар сұрақтар бойынша нақты шешімдер жобасы әзірленді. Бүгін жүргізілген жұмыстың қорытындысын талқылаймыз», – деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов жиында. 

Еске сала кетсек, жер реформасы бойынша комиссия құрамы бекітілгенін жазған болатынбыз.



Новости партнеров