Мемлекет басшысы Хорватия Республикасының президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Аkorda.kz
Аkorda.kz
Аса жауапты қызметіне толайым табыс, достас хорват халқына құт-береке тіледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қасым-Жомарт Тоқаев Зоран Милановичті және барша хорват халқын Хорватия Республикасының ұлттық мерекесі – Мемлекеттілік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Аkorda.kz-ке сілтеме жасап. 

– Бүгінде Хорватия Еуропа Одағының белсенді мүшесі ретінде өзінің тұрақты даму, халықтың әл-ауқатын жақсарту және халықаралық қауымдастықтағы беделін арттыру жолында елеулі жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Осы ретте мемлекетіңіздің әрі қарай қарыштап дамуына, мерейінің әрқашан үстем болуына тілектеспін. Астана мен Загреб арасындағы мазмұнды саяси диалог пен дәстүрлі достыққа сүйене отырып, ынтымақтастығымыздың аясы жылдан-жылға кеңейіп жатқанын ризашылықпен атап өтемін. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында елдеріміздің сан қырлы байланыстары болашақта одан әрі нығая түсетініне сенімдімін, – деп жазылған жеделхатта.

Мемлекет басшысы Хорватия президентінің аса жауапты қызметіне толайым табыс, достас хорват халқына құт-береке тіледі.

Оқи отырыңыз: Қазақстан Президенті Әзербайжан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Новости партнеров