Зеленскийге қазақстандықтардың құттықтауын жеткізді

Зеленскийге қазақстандықтардың құттықтауын жеткізді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Сенат Төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров Украина Президентімен кездесті, деп хабарлайды ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.

2019 жылғы 20 мамырда Сенат Төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров Украинаның жаңадан сайланған Президенті Владимир Зеленскийді ұлықтау рәсіміне қатысты.

«Салтанатты жиыннан кейінгі кездесуде Б.Бекназаров Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен барша Қазақстан халқы атынан Владимир Зеленскийді қызметіне ресми түрде кірісуімен құттықтап, Украина халқының игілігі жолындағы қызметіне табыс тіледі», - делінген хабарламада.

Кездесу барысында сондай-ақ Қазақстан мен Украина арасындағы қатынастарға қарқын беру жөніндегі ауқымды мәселелер талқыланды.


Новости партнеров