|
16.09.2022 | 14:10
567

Парламент сайлауға қатысты демократиялық норманы қабылдады – Айдос Сарым

Парламент сайлауға қатысты демократиялық норманы қабылдады – Айдос Сарым Фото Informburo.kz

Қазақстан заманауи саяси модельге көшіп жатыр. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжіліс депутаты Айдос Сарым айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Негізгі үш бағыт бойынша өзгеріс енгізілді. Оның біріншісі Президенттің өкілеттілігі мен бір мәрте сайлануын қамтып отыр. Осы орайда Президенттің өкілеттілігі 7 жылға дейін ұзартылады. Мемлекет басшысы қол қойған күннен бастап күшіне еніп, осы президенттік сайлауға Президенттің бір ғана мәрте баруына мүмкіндік ашады. Бұл шешім демократиялық норма болып тұр. Яғни, жеті жыл сайын кейін билікке жаңа Президент келіп отырады», - деді А. Сарым Парламент палаталарының бірлескен отырысанан кейін тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Сонымен қатар ол 7 жылдық мерзім алдағы уақытта өзгермес үшін тиісті талаптар ескерілгенін айтты.

«Қоғамда түрлі алыпқашпа әңгімелер бар. Бұл тұрғыда «болшақта биліктің монополизациясы, узурпациясы болмай ма» деген пікірлер айтылып жүр. Конституциядағы 91-баптың 2-тармағына арнайы өзгеріс енгізілді. Онда Республиканың бiртұтастық пен аумақтық тұтастығы, мемлекеттiң тəуелсіздігі деген ұғымдар бар. Сонымен қатар, бүгін қабылданған шешімге қатысты болашақта ешқандай өзгеріс болмауы керек деген ескерілген», - деді депутат.

«Мұнымен қоса, елорданың бұрынғы атауы қайтарылып жатыр. Оның себебін Әділет министрі де, депутаттар да ашық әрі анық айтып берді. Бұл ретте қоғамның талап-тілегі назарға алынып отыр», - деді Айдос Сарым.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир