Қазақстанда жаңа заң қабылдау тәртібі енгізіледі

Photo: sputnik.by
Photo: sputnik.by
Бұл нормалар 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда жаңа заң қабылдау тәртібі енгізіледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ortcom.kz сайтына сілтеме жасап.

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Әділет вице-министрі Алма Мұқанова референдумда қабылданған Конституциялық нормаға тоқталды.

Вице-министрдің айтуынша, елімізде жаңа заң қабылдау тәртібі енгізіледі. Яғни, Мәжіліс қабылдайды, Сенат мақұлдайды. Бұл нормалар 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. 61-бапқа сәйкес ол конституциялық заң жобасын да, жай заң жобасын да қабылдау рәсіміне қатысты болады.

«Лауазымды адамдарға өкілеттік беруді белгілейтін ҚР Конституциясының нормасы – егер ҚР конституциясында басқасы көзделмесе, осы лауазымды адамдар өкілеттігі мерзімінің аяқталуына немесе өкілеттіктерінің толық тоқтауына қарай қолданысқа енгізіледі. Мысалы, Сенаттағы Президент тағайындайтын 15 депутат мерзімі аяқталғанға дейін өз өкілеттігін сақтайтын болады. Сондай-ақ Конституциялық сот пен Жоғары аудиторлық палата нормасына келетін болсақ, Конституцияға өзгеріс енгізілген заңда қарастырылғандай, Конституциялық сот пен Жоғары аудиторлық палата құрылғанға дейін. Сондықтан осы органдар құрылғанға дейін Конституциялық кеңес пен Есеп комитеті өз жұмысын жалғастырады», - деді ведомство өкілі.

Новости партнеров