Алматы әкімі «Бәйтерек» холдингі басшыларымен бизнесті қолдау және дамыту шараларын талқылады

 almaty.gov.kz.
almaty.gov.kz.
Кездесу барысында шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері және инвестиция тарту мен экспорттық әлеуетті күшейтудің негізгі шаралары талқыланды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы әкімі Б.Сағынтаев «Бәйтерек» холдингі басшыларымен бизнесті қолдау және дамыту шараларын талқылады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Кездесуге «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқармасының төрағасы Айдар Арифханов, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарушы директоры Марат Омаров, «Бәйтерек Девелопмент» АҚ басқарма төрағасы Мұрат Худайбергенов, «Қазақстанның Тұрғынүйжинаққұрылыс банкі» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова, «ИҰ «Қазақстанның ипотекалық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Әділ Мұхамеджанов, «Бәйтерек Девелопмент» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Алтай Күздібаев, «Даму» КҚҚ» АҚ басқарма төрайымы Гаухар Бөрібаева, «Казахэкспорт» АҚ басқарма төрағасы Руслан Искаков, «Қазақстанның Даму банкі» басқармасының төрағасы Абай Сарқұлов, «Кепілдемелі тұрғын үй құрылысының қоры» АҚ басқарма төрағасы Дулат Жарлықапов қатысты.

Кездесу барысында шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері және инвестиция тарту мен экспорттық әлеуетті күшейтудің негізгі шаралары талқыланды.

Қала әкімі Алматыда ШОБ қолдау көрсетудің бірыңғай өңірлік бағдарламасының қабылданатынын, мұнда әкімшілік кедергілерді жоюдың және мегаполистің инвестициялық тартымдылығын арттырудың нақтылы шаралары көрініс табатынын хабарлады.

«Басты міндет – жұмыс орындарын ашу және инвестиция тарту. Мұнда «Бәйтерек» холдингімен және оның еншілес ұйымдарымен бірлесіп, түсіністікпен жұмыс істеу үлкен рөл атқаратын болады», - деп атап өтті Б.Сағынтаев.

Кездесу қорытындысы бойынша талқыланған барлық мәселелерге қатысты «жол картасын» бірігіп жасау жөнінде шешім қабылданды.


Новости партнеров