|
29.12.2018 | 15:11
2573

Назарбаев президент сайлауы қашан өтетінін айтты

Назарбаев президент сайлауы қашан өтетінін айтты

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев президент сайлауына әлі екі жыл бар екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жыл қорытындысы бойынша еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен өткен кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев президент сайлауын өткізу мерзіміне тоқталды. Мемлекет басшысының айтуынша, Парламентті мерзімінен бұрын қайта сайлауға ешқандай негіз жоқ. Олар өздерінің заң шығарушы рөлін атқарып отыр.

«Кеше біз жылды қорытындыладық. Біздің ұсынып отырған жаңа бағдарламаларымыз, бағытымыз, заңнамалық жағынан қамтамасыз ету – бәрі сәтті өтіп жатыр», — деді Назарбаев.

Президент бүгінгі таңда Қазақстанда жеті партия жұмыс істейтінін атап өтті.

«Менің білуімше, Парламенттің мерзімі 2021 жылға дейін, осы уақытта сайланады. Ал президенттің сайлауы – 2020 жылдың желтоқсанында. Әлі екі жыл бар. Біз не айтып отырмыз? Уақыты жақындағанда, сөйлесеміз», — деді мемлекет басшысы.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир