Президенттікке үміткер Сәдібек Түгел қазақ қыздарының шетелдіктерге тұрмысқа шығуына қарсы шықты

Президенттікке үміткер Сәдібек Түгел қазақ қыздарының шетелдіктерге тұрмысқа шығуына қарсы шықты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Оның айтуынша, бүгінде қаракөз қыздарымыздың түркі тілдес мұсылман жігіттерін былай қойып, діні, ділі, нәсілі де бөлек ер-азаматтардың етегінен ұстауы жиілеп кеткен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Аралас некеден дүниеге келген жиендердің қазақы болмысы жойылып, ол аздай, қазақ жұртшылығы үшін емешегі езілмесі анық. Бұлай жалғаса беретін болса, қазақ ұлт болудан қалады,- дейді кандидат.

«Біздің қаракөз қазақ қыздарымыздың шетелдіктерге жаппай тұрмысқа шығуы мені қатты қынжылтады. Қазір менің есептеуімше еліміз бойынша жыл сайын шамамен 9,5 пайыз қазақтың қызы алыс шетелге тұрмысқа шығады екен. Ал, жалпы аралас неке саны 100 мың отау құрылса, соның 30 пайызынан асып кетті дейді. Бұл санақ күннен күнге үдеп бара жатыр. Егер жағдай осылай жалғаса беретін болса, онда келесі ғасырда дүниеге қазақ бала әкелетін аналар болмай қалады. Нағыз трагедия деген – міне, осы!», – дейді ҚР Президенттігіне үміткер Сәдібек ТҮГЕЛ.

Қарағанды қаласындағы қуғын-сүргін құрбандарының мемориалына гүл шоқтарын қойған Сәдібек Түгел «Халықтың қасіретті кезеңдері əрдайым елдің жадында болуға тиіс. Мұндай нәубет ешқашан қайталанбасын»,– дейді.

Новости партнеров