Н. Назарбаев В. Путинмен кездесті: Біздің байланыс ‒ тұрақты әрі мемлекетаралық қатынастың үлгісі боп саналады

elbasy.kz
elbasy.kz
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесті.
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесті. Кездесу барысында Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің Құрметті төрағасы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығы бұрыннан мемлекетаралық қатынастың жарқын үлгісі екенін атап өтті. Елбасы Ресей Президентіне пандемия кезінде Қазақстанға көрсетіп жатқан қолдауы үшін ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Aalmaty.tv.

«Біздің байланысымыздың тарихы, яғни  Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынас тұрақты әрі мемлекетаралық қатынастың үлгісі болып саналады. Мен бұдан былай да осы бағытты ұстана беремін. Пандемия кезінде Қазақстанға Ресей тарапынан көрсетілген қолдау үшін шын жүректен алғыс білдіргім келеді. Қазір Қарағанды фармацевтикалық зауытында көп көлемде ресейлік вакцина шығарылып жатыр», ‒ деді ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Владимир Путин коронавирус пандемиясының теріс әсеріне қарамастан екіжақты байланыс оң қарқын алып отырғанын атап өтті.

«Сіздің арқаңызда Ресей мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастың даму қарқыны болашаққа сеніммен қарауымызға мүмкіндік береді. Пандемия салдарынан тауар айналымы 4 немесе 5 пайыз төмендегеніне қарамастан, биылғы жылдың алғашқы жартысында 20 пайызға жуық өсім байқалып отыр. Бұл өзге бағыттар бойынша да біздің қарым-қатынасымыз өте жақсы дамитынын көрсетеді», ‒ деді Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин.

Новости партнеров