"Ауыл" партиясы Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін ұсынды

yandex.kz
yandex.kz
Саяси партиялар ұсынған партиялық тізімдерді тіркеуді тиісті аумақтық сайлау комиссиялары жүзеге асырады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

30 қарашада Алматы қаласының аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті. Отырыста «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Алматы қаласы бойынша өңірлік филиалынан Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін тіркеу туралы мәселе қаралды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Партиялық тізімдер бойынша сайланатын мәслихаттар депутаттығына кандидаттар ұсыну құқығы саяси партияларға тиесілі.

Егер сайлау тағайындалған кезде өзгеше белгіленбесе, партиялық тізімдер бойынша сайланатын мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды ұсыну сайлау күнінен екі ай бұрын басталады және сайлау күніне бір ай қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.

Саяси партиялар ұсынған партиялық тізімдерді тіркеуді тиісті аумақтық сайлау комиссиялары жүзеге асырады.

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Алматы қаласы бойынша өңірлік филиалы 2020 жылғы 25 қарашада Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына 6 адамнан тұратын кандидаттардың партиялық тізімін ұсынды.   Оның ішінде 29 жасқа дейін 1 адам, 29 жастан жоғары 5 адам.

Кандидаттардың Қазақстан Республикасы Конституциясының 86-бабының 3-тармағында, сондай-ақ 33-бабының 2 және 3-тармақтарында, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңы бойынша 104-бабының 4-тармағында қамтылған талаптарға сәйкестігін анықтағаннан кейін, «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Алматы қаласы бойынша өңірлік филиалының партиялық тізімі түсіндірмесіз тіркелді.

Новости партнеров