Алматыда Мексика консулдығы ашылды

Алматыда Мексика консулдығы ашылды
Елшілік жұмысы екі ел арасындағы экономикалық, мәдени, әлеуметтік ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін Алматыда Мексика консулдығы ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.            

Тарихи оқиғаға Венгрия, Бельгия, Өзбекстан, Тәжікстан елшілері арнайы келіп, елдер арасындағы ынтымақтастықты сөз етті.

Географиялық тұрғыда алшақ болғанымен, енді Қазақстан мен Мексиканың арасы жақындай түспек. Ол үшін жүргізілетін жүйелі жұмыстар басталып та кеткен. Мәселен, алдағы уақытта Мексика тарихынан терең сыр шертетін қазақ тіліндегі кітап жарыққа шықпақ.  

«Бұл елшіліктің екі ел арасындағы экономикалық, мәдени, әлеуметтік ынтымақтастықты нығайтуға септесетініне сенімім мол. Біздің елдің азаматтарына Мексикаға виза алу мәселесі де жеңілдей түседі деген ойдамын. Алдымызда үлкен міндеттер тұр.  Ол үшін аянбай еңбек етуіміз керек», – деді Мексиканың Қазақстандағы құрметті елшісі Ерқанат Қожахметов.

Новости партнеров