|
24.01.2023 | 21:03
761

Депутаттардан қазақ тілінен, тарихтан емтихан алсын - Ғарифолла Есім

Депутаттардан қазақ тілінен, тарихтан емтихан алсын - Ғарифолла Есім

Алдағы Мәжіліс депутаттарының сайлауында халықтың қамын ойлайтын, қарашаның мұң-мұқтажын бүкпесіз жеткізе алатын адамдар іріктелу керек. «Саяси науқаннан елдің күтер жаңашылдығы көп», -  дейді белгілі академик Ғарифолла Есім. Оның айтуынша, Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы оң өзгерістер мен саяси жаңғыруға жол бастайды. Төменгі палатаға келетін топ жер-жердегі елдің талап-тілегін билікке жеткізе отырып, түйткілдің шешілуіне атсалысуы керек. Сонда ғана тұтас қоғамның Парламентке деген сенімі нығая түсері сөзсіз.

«Депутаттардан қазақ тілін, жалпы біздің тарихтан емтихан алсын. Абайдың бір өлеңін жатқа айтсын. Қазіргі депутаттар білімді, сауатты болуы керек. Өйткені, халық қазір сауатты. Парламент деген өте жауапты жұмыс», – деді ҚР ҰҒА академигі, философия ғылымдарының докторы Ғарифолла Есім.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир