Алматыда жыл сайын «Ореn-air» форматында 100-ге жуық ірі мәдени шара өтеді

пресс-служба акима Алматы
пресс-служба акима Алматы
Алматының мәдени инфрақұрылымында 160 мәдени объекті мен ұйымдар ойдағыдай жұмыс жасауда
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында мәдениеттің дамуына баса назар аударды. Алматыда мәдени инфрақұрылымды жақсарту жөніндегі міндеттер қалай жүзеге асырылып жатқандығы туралы мегаполистің мәдениет басқармасының бастығы Ғани Майлыбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Спикер Мемлекет басшысының сөзінде мәдениет саласының алдына ауқымды міндеттер қойылғанын, әсіресе оның талантты өкілдерін, елдің дамуындағы зиялы қауымның рөліне ерекше мән берілгенін айтты.

Спикер Алматы қаласының әкімі Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаевтың тапсырмасымен «Алматы - 2050» Стратегиясы аясында мәдениет саласында тұрғындарды қаланың мәдени өміріне тарту, мәдени құндылықтарға қолжетімділікті арттыру міндеті белгіленгенін атап өтті.

«Алға қойылған міндетті шешу үшін біз келесі бастамаларды жүзеге асырудамыз. Біріншіден – қаланың мәдени объектілерін барша тұрғындар мен халық үшін барынша қолжетімді ету. Екіншіден – дәстүрлі халық мәдениетін қолдау. Үшіншіден – мәдени өнімдерді әлемдік нарыққа шығару», – деп хабарлады Ғ. Майлыбаев.

Қ. Тоқаев өзінің Жолдауында келер жылдан бастап мәдениет қызметкерлерінің жалақысы көтерілетінін, сондай-ақ білім мен денсаулық сақтау саласында қолданыста болған әлеуметтік жеңілдіктер берілетінін айтты.

Алматы қаласы ЮНЕСКО-ның креативті қалалар желісіне мүше болуының арқасында «Музыка» шығармашылық бағыты бойынша бүкіл әлемге танымал. Жыл сайын қалада «ореn-air» форматында 100-ге жуық ірі мәдени-бұқаралық іс-шара өткізіледі. Тіпті пандемиялық режимде бұл сала дамуын жалғастыруда.

Алматының мәдени инфрақұрылымында 160 мәдени объекті мен ұйымдар ойдағыдай жұмыс жасауда.

Новости партнеров