|
01.09.2022 | 15:20
784

Жолдауда жарияланған шешімдердің басым бөлігі жас буынның өмір сүру сапасын арттыруға арналды – Балаева

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады

Жолдауда жарияланған шешімдердің басым бөлігі жас буынның өмір сүру сапасын арттыруға арналды – Балаева akorda.kz

Мемлекет басшысының бүгінгі Жолдауы қоғамның барлық әлеуметтік-экономикалық маңызды салаларын қамтыды. Оларды тиімді реформалау – Жаңа Қазақстан табысты құрудың бірден-бір кепілі. Бұл туралы ҚР Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаева әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Реформалардың негізгі мазмұны – бірінші кезекте өскелең ұрпақтың мүддесі, адами ресурстарды дамыту,  мемлекеттің әлеуметтік құрамды бөлігін күшейту тақырыптарын қозғады. Яғни, мықты әрі белсенді және бәсекеге қабілетті қоғам құру арқылы – табысты мемлекет құру жолын жалғастыру.  

"Жарияланған шешімдердің басым бөлігі жас буынның өмір сүру сапасын арттыруға арналды. Атап айтқанда, декреттік төлем мерзімін ұзарту, Ұлттық қордағы қаржының бір бөлігін балалардың есеп-шотына аудару, білім алу үшін жеңілдетілген несие беру және т.б. Президенттің назарынан синтетикалық есірткімен күрес пен отбасылық-тұрмыстық әлімжеттілік жасайтындарға жазаны күшейту мәселелері де тыс қалған жоқ", - деп жазды Балаева.

Оның айтуынша,  Жолдауда айтылған реформалар – еліміздің табысты болашағын айқындайтын нақты іс-әрекет жасаудың айқын нұсқаулығы әрі тікелей тапсырмалардың жиынтығы.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир