|
01.09.2022 | 15:45
529

Енді ұлттық қор байлығын әр отбасы көре алады – Қазыбек Иса

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады

Енді ұлттық қор байлығын әр отбасы көре алады –  Қазыбек Иса Facebook Қазыбек Иса

Енді ұлттық қор байлығын әр отбасы көре алады. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қазыбек Иса өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Бірден айтайық, Жолдауды тыңдап отырып, ондағы халықтың отыз жылдан бері қордаланып, шешілмей келе жатқан өте өзекті мәселелерінің шешімін тауып жатқанына қарап, Президенттің сайлау бағдарламасына сай жолдау екен деп ойлап қалғанымыз рас. Түйсігіміз алдамапты, шындығында да солай болып шықты! Биыл күзде Президент сайлауы өтеді. Қоғамды толғандырып тұрған Мәжіліс сайлауы да шешілді. Келесі жылы көктемде Мәжіліс және мәслихаттар сайлауы болады.Президенттік мерзім енді бір рет қана – 7 жылдық болмақ. Бұл тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Осылайша, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев саясат алаңында тағы да тосын жүрістерімен тосынсый жасады", - деді ол.

Депутаттың айтуынша, тосынсый саясатта ғана емес, халықтың жағдайын жақсартуда да жасалған.

"Біз баяғыдан армандап қана қоятын, бірақ орындалуы мүмкін еместей көрінген елдің Ұлттық байлығын әрбір отбасының пайдалануы енді іске асатын болады.

Ұлттық қордағы кірістің 50 пайызы 18 жасқа дейінгі балалардың шотына аударылады. Президент: "Әрбір отбасы елдің ұлттық байлығын пайдаланудан нақты табыс алуы керек. Сондықтан мен жариялаған Балалар жылы аясында жаңа "Балаларға арналған ұлттық қор" бағдарламасын іске қосуды аса маңызды деп санаймын. Ұлттық қордың жылдық инвестициялық кірісінің 50 пайызын балалар 18 жасқа толғанға дейін мерзімінен бұрын алу құқығынсыз арнайы жинақ шоттарына бөлуді ұсынамын. Кәмелеттік жасқа толғаннан кейін жинақталған сома тұрғын үй сатып алуға және білім алуға жұмсалады. Бұл қаражат өскелең ұрпаққа ересек өмірге нағыз жолдама береді. Қор шынымен де ұлттық мәртебеге ие болып, халық игілігіне қызмет ететін болады. Осы ауқымды істі жан-жақты зерделеу қажеттілігін ескере отырып, жобаны 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосуды тапсырамын", - деді президент. Жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндетінің бірі. Еңбекпен қамтитын түрлі шаралар арқылы келесі жылы 100 мың жасқа жұмыс беруіміз керек. Жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсетіле бермек. Оларға жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие беріледі. Бұл шаралар қоғамның барынша үйлесімді әрі әділетті болуына ықпал етеді. Жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндетінің бірі. Еңбекпен қамтитын түрлі шаралар арқылы келесі жылы 100 мың жасқа жұмыс беруіміз керек. Жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсетіле бермек. Оларға жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие беріледі. Бұл шаралар қоғамның барынша үйлесімді әрі әділетті болуына ықпал етеді", - деп жазады депутат.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

жолдау
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир