|
01.09.2022 | 15:53
491

Ел Президенті Парламент жұмысының негізгі бағытын айқындап берді – Ерлан Қошанов

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады

Ел Президенті Парламент жұмысының негізгі бағытын айқындап берді – Ерлан Қошанов Официальный сайт Президента Казахстана

Оны қоғам да күтіп отыр. Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Мәжілістің жалпы отырысында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Ерлан Қошанов Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған бастмаларды қайталап, айтып берді.

"Ел Президенті Парламент жұмысының негізгі бағытын айқындап берді. Жаңадан ашылған сессияда депутаттар жұмыс істейтін заңдардың ерекше маңызы бар және оны қоғам да күтіп отыр. Сондықтан оларды қарау кезінде халықтың, азаматтық қоғам өкілдері мен сарапшылардың пікірі ескерілуі тиіс. Жұмыс топтарының отырысы, заң жобаларының таныстырылымы сынды жиындарға жұртшылықты кеңінен қатыстыру керек. Парламент жұмысының негізгі бағыттары айқын. Сондықтан бар күш-жігерді Президенттің бастамаларын қолдау мен жүзеге асырылуына бағыттауға шақырамын", - деді Қошанов.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир