Қазақстан үшін көлік және транзит әлеуеті аса маңызды – Қайырбек Өскенбаев

Ақорда
Ақорда
Жолдауда айтылған тағы бір маңызды жаңалық - әйелдердің зейнетке шығу жасы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде енді әрбір балаға Ұлттық қордан 18 жасқа дейін ақша беріліп отырады. Президент «Балаларға арналған ұлттық қор» бағдарламасын әзірлеуді тапсырды. Қордағы жылдық инвестициялық кірістің 50 пайызы жинақтаушы есеп-шотқа жіберіледі. Қаржы бала кәмелет жасқа толғанға дейін аударылып тұрады. Ал оны мерзімінен бұрын алуға болмайды. Кейін қаражат тұрғын үй сатып алуға және білім алуға берілмек.


«Әрбір отбасы елдің ұлттық байлығын пайдаланғаны үшін нақты табыс алуы керек. Сондықтан мен жариялаған Балалар жылы аясында жаңа «Балаларға арналған ұлттық қор» бағдарламасын іске қосуды аса маңызды деп санаймын. Қор шынымен де ұлттық мәртебеге ие болып, халық игілігіне қызмет ететін болады. Осы ауқымды істі жан-жақты зерделеу қажеттілігін ескере отырып, жобаны 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосуды тапсырамын», – деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жолдауда айтылған тағы бір маңызды жаңалық - әйелдердің зейнетке шығу жасы. Ол енді 61 жас деңгейінде деп бекітіледі. Бүгін мемлекет басшысы осылай мәлімдеді. Көпшілік талқысындағы әлеуметтік сауалды ескере отырып, әйелдер үшін зейнетке шығу жасының межесі 2028 жылға дейін жүзеге асырылады. «Президент шешімі көпті қуантқан ақпар болды»  дейді Сенат депутаты Дана Нұржігіт.

«Президент жолдауының көптеген тұсы әлеуметтік мәселеге арналды. Оның бірі өзім қуана қарсы алған жаңалық әйелдердің зейнетке шығу жасын 61-ге төмендету. Бұл бірте-бірте болатын үдеріс. Бірақ тоқтамайтын үдеріс. Бұған дейін мен депуттатық сауал жолдаған болатын. Сондықтан мені бүгін жаңалық қатты қуантты», – деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дана Нұржігіт.

Енді шетелдік көліктерді елге әкелу жеңілдейді. Осылай деген Президент өз Жолдауында утилизация төлеміне қатысты да жағымды жаңалықпен бөлісті. Алдағы уақытта көліктерді әкелудің барлық заңсыз арналарына тосқауыл қою үшін шешуші шаралар қабылдау қажеттігін айтты. Оларды заңдастыру үшін 200-250 мың теңгеден аспайтын сомада кәдеге жарату және бастапқы тіркеу үшін біржолғы алым алуды ұсынамын деді.

«Қазір кейбір актілерді талдап, оны қалай нақты жүргізу керектігін түсіну қажет. Президент тапсырмасы бойынша бұлардың барлығын пысықтайтын боламыз. Бұл шаралар іздеуде тұрмаған және кедендік «тазартудан» өткен автомобильдерге қатысты болып отыр. Бүгінге дейін ел аумағына кіргізілген көліктердің мәселелері қарастырылады», – деді ҚР Премьер-Министрінің бірнші орынбасары Роман Скляр.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы шекараға интеграцияланған кедендік бақылау тәсілін енгізу қажеттігін де тілге тиек етті. Бұл ретте қос шекара шебіндегі рәсімдеу орталықтары «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істеуі тиіс.  Қазынадағы қаражат инфрақұрылымды дамытуға жұмсалады.

«Қазір Қазақстан үшін көлік және транзит әлеуеті аса маңызды. Жаңа Президент өз сөзінде де айтып кетті. Кеден бекеттеріндегі мәселелердың бастысы – тексеріс. Оның тым көптігі бар. Олардың теріс әсер етіп отырғаны белгілі. Сондықтан, Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа тәсіл арқылы жеңілдету керектігін айтып отыр», – деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев.

Ал халықты мезі еткен қымбатшылық мәселесіні қатысты жаңа тағайындалған министр алдағы уақытта шешемін деп сендірді. Сөзінше қазіргі таңда нақты шаралар қолға алыпты.

«Біраз бағыттар бар, ол қысқа мерзімді әңгіме емес. Мен сіздерге сөзімді бердім. Маған 3 апта беріңіз. Ұсыныстарымыз дайын. ҚР Үкімет басшысы бекітсін жариялаймыз», – деді ҚР Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин.

Жолдауда әлеуметтік мәселелерге басымдық берілгені көпті қуантқаны анық. Дәл уақытында көтерілген бастамалар енді тиісті деңгейде орындалса көп үмітінің ақталғаны.

Кәмшат Мұхамеджан, Данияр Омар, Ринат Өтеев, «Алматы» телеарнасы


Новости партнеров